Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

140 ЖАТТЫҒУДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ Амин тобының C-N байланысы амид тобына өзгергенде C-N байланысы ұзын толқынды аймақта жұтылғанда қандай өзгеріс болады? Бұл сұраққа жауап беру үшін, біз электрондар делокализациясынан жай байланыстардан өзге де байланыстардың пайда болатындығын білуіміз керек. Бұдан біз электрон делокализациясынан C-N қос байланысы пайда болатынын көреміз. Ал аминде электрон делокализациясы болмайды. Сондықтан амид ұзын толқынды аймақта жұтылады. Енді 12-жаттығуға ауысайық.  12-ЖАТТЫҒУ Не себепті гексанол-1 (С-О) жұтылу жолағы (1660 см-1) пентан қышқылының (С-О) жұтылу жолағымен (1220 см-1) салыстырғанда, қысқа толқынды аймақта жұтылады.  13-ЖАТТЫҒУ Төмендегі топтардың қайсысы ұзын толқынды аймақта жұтылады: а. Фенолдың С-О тобы мен циклогексанолдың С-О тобының деформациялық тербелісі ə. Кетонның С=О тобы мен амидтің С=О тобының деформациялық тербелісі б. Этанолдың деформациялық жəне С-О тобының валенттік тербелісі  14-ЖАТТЫҒУ Ұзын толқынды аймақта келесідей карбонил топтарының жұтылу жолақтары қандай болады: sp3 көміртегімен байланысқан карбонил тобы жəне sp2 көміртегімен байланысқан карбонил тобы. пентанон-2 циклогексенон-2 1720 см-1 1680 см-1

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==