Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

138 14.8 ИНФРАҚЫЗЫЛ СПЕКТРІНІҢ ЖҰТЫЛУ ЖОЛАҚТАРЫ ИҚ-спектрі біршама күрделі болуы мүмкін, себебі молекуладағы əрбір байланыстың деформациялық жəне валенттік тербелістерінен жұтылу жолақтары пайда болады. Біз бұл тарауда қосылыстың құрылысы жайлы ақпарат беретін ИҚ спектрінің кейбір сипаттамалы жұтылу жолақтарын қарастырамыз. Функционалдық топтарды сипаттайтын жұтылу жолақтарын ІІІ-қосымшадағы кестеден табуға болады. Байланыс ретінің əсері Байланыс реті қосылыстың беріктігіне əсер етеді; сондықтан байланыс реті жұтылу жолағының орналасуына əсер етеді. С≡С байланысы С=С байланысымен салыстырғанда берік, себебі С=С байланысымен (~1650 см-1) салыстырғанда С≡С байланысы аса жоғары (~2100 см-1) жиілікте жұтылады; С-С байланысының валенттік тербелісі 1200-800см-1 аймағында жиі жəне өте əлсіз жұтылу жолақтары пайда болады, бұл тербеліс қосылысты идентификациялауда аса маңызды емес. Осыған ұқсас С-О байланысымен (~1100 см-1) салыстырғанда С=О байланысы біршама жоғарғы толқын ұзындығында (~1700 см-1) жұтылады жəне С=N (~1100 см-1) жəне С-N байланыстарымен (~1600 см-1) салыстырғанда С≡N байланысы біршама жоғары толқын ұзындығында (~2200 см-1) жұтылады (14.2-кесте). Байланыс берік болған сайын, жоғарғы толқын ұзындығында жұтылады С≡N ~2200 см-1 С=N ~1600 см-1 С-N ~1100 см-1  11-ЖАТТЫҒУ Келесі тербелістердің қайсысы біршама үлкен толқын ұзындығында жұтылады? а. С≡С деформациялық жəне С=С валенттік ə. С-Н деформациялық жəне С-Н валенттік б.С=N деформациялық жəне С≡N деформациялық г. С=О деформациялық жəне С-О деформациялық Резонанстық эффект 14.2-кестеде əр функционалдық топтар үшін валенттік тербелістердің толқын ұзындықтарының диапазоны көрсетілген. Себебі, топтардың нақты жұтылу жолақтары молекуланың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, 14.8суреттегі пентанон-2-нің ИҚ спектріндегі карбонилді топ 1720 см-1 аймағында жұтылса, 14.9-суреттегі циклогексенон-2-нің ИҚ спектріндегі карбонилді топ біршама төменгі толқын ұзындығында (1680 см- 1) жұтылады. Байланыстың иілуінен, оның созылуына көп энергия қажет ИҚ спектріндегі деформациялық жəне валенттік тербелістер

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==