Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

137 14.7-сурет 4-Гидрокси-2-метилпентанон-2 инфрақызыл спектрі Инфрақызыл спектрін (ИҚ) екі аймаққа бөлуге болады. Спектрдің сол жағындағы көптеген функционалдық топтардың жұтылу жолақтары бар үштен екі бөліктегі аймағы (4000-1400 см- 1). Бұл аймақ функционалдық топтар аймағы деп аталады. Оң жақтағы спектрдің үшінші аймағы (1400-600 см-1) «саусақ ізі» аймағы деп аталады. Себебі, бұл аймақ əр адамға тəн саусақ ізі сияқты негізгі қосылыстарға тəн. Бұл аймақта байланыстың иілуінен, оның созылуына көп энергия қажет, валенттік тербелістердің жұтылу жолағы функционалдық аймақта, ал деформациялық тербелістердің жұтылу жолақтары «саусақ ізі» аймағында болады. Сондықтан валенттік тербелістер көбінесе молекуладағы байланыс түрін анықтауда қолданылады. Əртүрлі байланыстар типіне қатысты валенттік жиіліктер 14.2кестеде берілген. Қарқындылығы, %

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==