Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

136  9-ЖАТТЫҒУ Инфрақызыл сəулеленуге байланысты келесі көрсетілген толқындар ультракүлгін сəулеге байланысты толқынды да көрсетеді (7.10-бөлім). Ол қайсысы?  10-ЖАТТЫҒУ а. Толқын саны 1000 см-1 немесе 2000 см-1 электромагниттік сəулелердің қайсысының энергиясы жоғары? ə. Толқын ұзындығы 9 μм немесе 8 μм электромагниттік сəулелердің қайсысының энергиясы жоғары? б. Толқын саны 3000 см-1 немесе толқын ұзындығы 2 μм электромагниттік сəулелердің қайсысының энергиясы жоғары? 14.7 ИНФРАҚЫЗЫЛ СПЕКТРОСКОПИЯ Екі атом арасындағы байланыс ұзындығы ол орташа ұзындық деп есептеледі, себебі шындығына келгенде байланыс тербелмелі келеді. Байланыстар деформациялық жəне валенттік қозғалыстарының екеуімен де тербеледі. Деформациялық тербелістен байланыс ұзындығы өзгертетіндіктен ол байланыс бойымен жүреді. Валенттік тербеліс байланыс бойымен жүрмейді. Молекуладағы əрбір деформациялық жəне валенттік тербеліс белгілі бір жиілікте өтеді. Инфрақызыл сəулеленуде органикалық молекулалардың валенттік жиіліктері мен деформациялық тербелісіне сəйкес келетіндей дұрыс жиілік диапазоны болады. Қосылыс өзінің тербелісіне сəйкес жиіліктегі сəулемен атқыланғанда, оның молекуласы энергияны жұтады. Біз нақты қосылыстың жұтатын энергиясының толқын санын эксперименттік анықтау арқылы ондағы байланыс түрін біле аламыз. Мысалы, С=О байланыстың валенттік тербелісі толқын саны ~1700 см-1 энергияны жұтса, О-Н байланыстың валенттік тербелісі толқын саны ~3450 см-1 энергияны жұтады (14.7-сурет). деформациялық тербеліс а. ə.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==