Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

135 компьютерлердегі сымсыз байланыста қолданамыз. Радиотолқындар, сондай-ақ ЯМР-спектроскопиясында жəне магниттік резонанстық томографияда (МРТ) қолданылады. Электромагниттік сəулелену жиілігі мен толқын ұзындығына байланысты сипатталады. Оның жиілігі берілген нүктеден бір секундта өтетін толқынды сызықтар санымен анықталады. Толқын ұзындығы бір толқынның кез келген нүктеден сəйкес екінші нүктедегі толқынға дейінгі арақашықтық. Энергия (Е) мен электромагниттік сəуленің толқын жиілігі (ν) немесе толқын ұзындығы (λ) арасындағы қатынас келесідей теңдеумен сипатталады: ܧ ൌ ݄ ߥ ൌ ݄ܿ ߣ мұндағы һ – тура пропорционалдық коэффициенті, жарық жылдамдығы мен с арасындағы қатынасты ашқан неміс физигінің атымен Планк тұрақтысы деп аталады. Электромагниттік сəулелену жиілігі жарық жылдамдығын (с) зерттелетін толқын ұзындығына бөлгенге тең. Инфрақызыл спектрінде қолданылатын электромагниттік сəулелену жиілігін (~ν) сипаттаудың тағы бір жолы 1 сантиметрмен өлшенетін толқын саны. Соныменен ол кері сантиметрлік бірлікте болады (см-1). Толқын саны (см-1) мен толқын ұзындығы (μм) арасындағы өзара байланыс келесідей теңдеумен беріледі: (ñì-1) = 10 4 м) ~ Осылайша, жоғарғы жиіліктер, жоғарғы толқын сандары мен қысқа толқын ұзындықтары жоғарғы энергияға байланысты. см/с (1μм=10-4 см) Жоғарғы жиіліктер, жоғарғы толқын сандары мен қысқа толқын ұзындықтары жоғарғы энергияға байланысты

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==