Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

134 14.6 СПЕКТРОСКОПИЯ ЖƏНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК СПЕКТР Спектроскопия затпен электромагниттік сəулеленудің өзара əрекеттесуін зерттейді. Энергияның нақты диапазонына байланысты электромагниттік сəулелену түрлерінің континумы-электромагниттік спектрді береді (14.6-сурет). Электромагниттік сəулеленудің түрлерін қысқаша келесідей сипаттауға болады: • Космостық сəулелер күнге шашырайды; олардың ең жоғарғы энергиясы бар. • γ-сəулелер (гамма сəулелер) кейбір радиактивті элементтердің ядросынан шығады; Энергияларының жоғары болуынан олар биологиялық организмдерге айтарлықтай зиян келтіреді. • X-сəулелердің энергиясы γ-сəулелердің энергиясынан біршама төмен, жоғарғы дозада болмасы аса зияны емес. Аз дозадағы рентген сəулелері организмдердің ішкі құрылысын анықтауда қолданылады. Ұлпа неғұрлым нығыз болса, соғұрлым рентген сəулелеріне бөгет болады. • Ультракүлгін (УК) күнге күюге жауап беретін күн сəулесінің компоненті; оның шектен тыс əсері тері жасушасындағы ДНҚ молекуласын зақымдап тері ісігін тудырады. 14.6-сурет Электромагниттік спектр • Көрінетін жарық біз көретін электромагниттік сəулелену. • Біздің теріміз инфрақызыл сəулені жылу түрінде қабылдайды. • Біз микротолқындар көмегімен ас дайындаймыз жəне радарда қолданады. • Радиотолқындарда энергиясы төмен əр түрлі электромагниттік сəулелену түрлері болады. Біз оларды радио жəне телевизиялық байланыста, сандық бейнелерде алыс қашықтықтағы қондырғыларды басқаруда жəне портативті

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==