Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

133  7-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың масс-спектрлерінде қандай айырмашылықтар болады? 14.5 МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФОРМУЛАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ЖИІЛІКТІ МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ Жоғарғы жиілікті масс-спектрометрлер бөлшектің молекулалық массасын 0,0001 атомдық бірліктегі (АМБ) дəлдікке дейін анықтайды. Бұл номиналды (бүтін сандары ұқсас) массалары бірдей қосылыстарды ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, келесі тізімде молекулалық массалары 122 а.м.б. алты қосылыс көрсетілген, бірақ олардың əр қайсысының нақты дəл молекулалық массалары əр түрлі. Қосылыстың нақты молекулалық массасы бойынша оның молекулалық формуласын анықтайтын компьютерлік бағдарламалар да кездеседі. Номиналды молекулалық массалары 122 а.м.б. болатын кейбір қосылыстар жəне олардың нақты молекулалық массалары мен молекулалық формулалары Нақты молекулалық масса(а.м.б.) 122.1096 122.0845 122.0732 122.0368 122.0579 122.0225 Молекулалық формула C9H14 C7H10N2 C8H10O C7H6O2 C4H10O4 C4H10S2 МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯНЫ КРИМИНАЛИСТИКАДА ҚОЛДАНУ Сот медицинасы – ақиқатты анықтау мақсатында қолданылатын ғылым. Масс-спектрометрия – сот медициналық сараптаудағы маңызды құрал. Ол организмдегі сұйықтағы анаша мен оның деңгейін жəне басқа да улы заттарды анықтауда қолданылады. Сондай-ақ ол 1 сағаттан 1 күнге, айларға, тіпті жылға дейінгі аралықта өсетін шаштағы анаша мөлшерін де анықтайды. Бұл алғаш рет 1955 жылы Франциядағы велосипед жарысына қатысушы спортшылардағы анашаны анықтауға қолданылған. (бұл тестердің жиырма пайызы оң нəтиже берген). Масс-спектрометрия, сондай-ақ жарылғыш заттар мен жарылыстан кейінгі жарылғыш заттардың қалдықтарын анықтауда жəне бояу, желім жəне түктерді де сараптауда қолданылады.  8-ЖАТТЫҒУ Қайсы молекулалық формулалардың нақты молекулалық массасы 86,1096 а.м.б. болады: C6H14, C4H10N2 немесе C4H6O2? Нақты массалар (м.а.б.): 1H=1,007825, 12C=12,00000; 14N=14,0031, 16O=15,9949. студенттерге арналған оқулық: кетондардың бөлшектенуі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==