132 С=О байланысының жанындағы С-С байланысының бөлшектенуінен молекулалық иондағы əр көміртегінде жұпсыз бір электроннан болады. С-С байланысы біршама жеңіл үзіледі, себебі екі атомда да оң заряд болатындықтан түзілетін катиондар əлсіз келеді. Карбонилді топқа қосылған алкил топтарының бірінде γ-сутегі атомы болса, бөлшектену алты мүшелі сақинаның аралық күйі арқылы жеңіл жүреді. Бұл кезде α-көміртегі жəне βкөміртегі арасындағы байланыстың үзілуінен қайта топтасу жүреді, əр көміртегі атомынан бір электрон жəне γ-көміртегіндегі сутегі атомы оттегі атомына қарай ауысады. Осылайша бөлшектену оң заряд екі атомда бірдей болатын катионның түзілуінен əкеледі. 6-ЖАТТЫҒУ 14.5-суретте көрсетілген масс-спектрдің қандай кетонға сəйкес екендігін анықтаңыздар. 14.5-сурет 6-жаттығуға арналған масс-спектр Меңзердің бір ұшының сүйір болуы бір электронның қозғалысын көрсететіндігін естеріңізге саламыз Салыстырмалы биіктік
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==