130 14.3 МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯДАҒЫ ИЗОТОПТАР Пентан мен 2-метилбутанның молекулалық иондарының m/z мəні 72 тең, əр спектрде кіші шыңның m/z мəні 73 тең (14.2 жəне 14.3-суреттер). Бұл шың М+1 деп аталады, себебі ондағы ион молекулалық ионнан біршама ауыр. Мұндай шың əр 100 көміртегінің бірі 12С емес 13С түрінде кездесетіндіктен болады. Сондықтан масс-спектрометр 13С бар кез келген пайда болатын жеке М+1 молекулаларды тіркейді. Кейбір табиғатта кездесетін элементтердің изотоптары 14.1-кестеде берілген. Спектр М+2 биік шың қосылыстың құрамында хлор немесе бром атомдарының болатындығын білдіреді. Себебі, табиғатта бұл элементтердің əрқайсысының кең таралған изотоптарынан екі бірлікке ауыр изотоптары кездеседі. 14.1-кестеде берілген хлор мен бромның изотоптарының мəндерінен, егер шың молекулалық ион шыңы биіктігінің 1/3 болса, табиғатта кездесетін 34СІ изотопы 35СІ-дың 1/3 бөлігін құрайтындықтан бір хлор атомы бар деп қорытынды жасаймыз. Егер М жəне сондай биіктіктегі шың М+2 болса, бұл қосылыста табиғатта кездесетін 79Br жəне 81Br изотопы бар бір бром атомы болады. 14.1-кесте. Органикалық қосылыстардан табылған табиғатта кездесетін изотоптар Элемент Табиғаттағы изотоптары Элемент Табиғаттағы изотоптары Көміртегі сутегі Азот Фтор Хлор Бром Йод Оттегі Күкірт
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==