Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

129 14.3-сурет 2-Метилбутанның масс-спектрі  2-ЖАТТЫҒУ 3-Метилпентанның масс-спектріндегі негізгі шыңның m/z мəні қандай болады?  3-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Тұрақты екі циклоалканның масс-спектріндегі молекулалық ион шыңдары m/z=98. Бірінші спектрдегі негізгі шың m/z=69, ал екінші шыңның m/z=83 тең. Циклоалкандарды анықтаңыздар. Шешімі: Циклоалкандардың молекулалық формуласы CnH2n. Екі циклоалканның да молекулалық массасы 98 тең болғандықтан, олардың молекулалық формуласы C7H14 (7 х 12 =84; 84+14=98). Негізгі шың (69) этил орынбасарының бөлінетіндігін (98-69=29), ал екінші шың (83) метил орынбасарының бөлінетіндігін көрсетеді (98-83=15). Екі циклоалканда тұрақты болғандықтан, біз оларды үш немесе төрт мүшелі сақиналы емес екендігін жорамалдаймыз. Негізгі шыңдағы циклоалканның жеті көміртегі этилциклопентаннан этил орынбасарының бөлінетіндігін көрсетеді. Ал екінші циклоалканның негізгі шыңындағы жеті көміртегі метилциклогексаннан метил орынбасарының бөлінетіндігін көрсетеді. Салыстырмалы биіктік этилциклопентан метилциклопентан электрон шоғыры электрон шоғыры

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==