12 Оң жақтағы резонанс амидтің гибридіне, эфир немесе карбон қышқылдарымен салыстырғанда көп үлес қосады. Себебі, электр терістілігі төмен азот атомында оң заряд жинақталады. 3-ЖАТТЫҒУ Карбон қышқылындағы көміртек-оттегі жəне спирттегі көміртек-оттегі жай байланыстарының қайсысы үлкен? Себебі? 4-ЖАТТЫҒУ Метилацетаттағы үш көміртек-оттегі байланыстарының қайсысы салыстырмалы түрде ұзынырақ? 11.3 КАРБОНИЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 2.3 жəне 7.9-тарауларда карбон қышқылдарының қасиеттері қарастырылған. Карбон қышқылдарының рКа мəні 3-5 тең (ІІ қосымша). Карбонилді қосылыстардың қайнау температурасы мен басқа да физикалық қасиеттері І қосымшада көрсетілген. Карбонилді қосылыстардың салыстырмалы қайнау температурасы келесідей болады: салыстырмалы қайнау температурасы: амид > карбон қышқылы >> эфир ~ ацил хлорид~ альдегид ~ кетон Эфир, хлорангидрид, кетон, альдегидтердің қайнау температуралары молекулалық массалары сəйкес спирттермен салыстырғанда төмен. Себебі, тек спирт молекуласы ғана молекулааралық сутектік байланыс түзуге қабілетті болады. Осы төрт карбонилді қосылыстың қайнау температурасы карбонилді топтың полюстілігіне сəйкес эфирлердің қайнау температурасынан жоғары.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==