128 Пентанның масс-спектріндегі негізгі шың 43 С2-С3 байланысы бойынша бөлшектенудің көп болатындығын көрсетеді. Бөлшектенген иондарды идентификациялау жолын берілген бөлшекпен молекулалық ионның m/z мəндерінің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін қолданады. Мысалы, пенаның масс-спектріндегі m/z=43 тең иондық бөлшек молекулалық ионнан 29 санына кем (7243=29). Этил радикалының (CH3CH2 •) молекулалық массасы 29 (себебі, С жəне Н атомдық массасы 12 жəне 1). Сондықтан массасы 43 тең шыңды теріс зарядталған этил радикалының молекулалық ионына жатқызуға болады. Осылайша, m/z=57 тең иондық бөлшекті теріс зарядты метил радикалына жатқызуға болады (72-57=15). Ал m/z=15 жəне m/z=29 тең шыңдарды метил жəне этил катиондарына сəйкес келеді. 2-Метилбутанның да молекулалық формуласы пентанға ұқсас болғандықтан m/z=72 тең (14.3-сурет). Оның да спектрі пентанның спектріне ұқсас, тек метил радикалының бөлінуін көрсететін m/z=57 тең шың біршама интенсивті болады. 2-Метилбутан пентанға қарағанда екіншілік карбкатион түзілгенде метил радикалын жеңіл бөледі. Бұған керісінше, пентаннан метил радикалы бөлінгенде тұрақсыз біріншілік карбкатион түзіледі. молекулалық ион молекулалық ион m/z = 72 Бөлшектерден молекулалық иондардың түзілуі ондағы байланыстар күші мен бөлшектердің тұрақтылығына тəуелді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==