Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

127 Байланыстағы өзінің электронын жоғалтатындықтан, молекулалық ион жақшаның ішінде жазылады жəне оң заряд пен жұптаспаған электрон барлық құрылымдарда көрсетілген. Шыңдардың иондық бөлігі деп аталатын m/z мəні кіші шыңдар – молекулалық ионның оң зарядталған бөлігі. Негізінен көп мөлшерде болатын ионның шыңы да ең биік шың болады. Масс-спектр қосылыстың құрылысы жайлы ақпарат береді, себебі m/z пен фрагменттің салыстырмалы мөлшері молекулалық ионның тұрақтылығы мен фрагменттердің тұрақтылығына тəуелді. Əлсіз байланыстар жеңіл үзіледі жəне үзілген байланыстар үзілмейтіндей біршама тұрақты бөлшектер түзіледі. Мысалы, пентаннан түзілетін молекулалық иондағы барлық С-С байланыстардың күштері бірдей болады. Бірақ та С2-С3 байланысы С1-С2 байланысына қарағанда берігірек, сондықтан С2-С3 байланысы бойынша бөлшектенуі біріншілік карбкатион мен біріншілік радикал түзілетін байланыстарын бірге алғанда С1-С2 байланыстарының бөлшектенуінен түзілетін біріншілік карбкатион мен метил радикалына (немесе біріншілік радикал мен метил катионы) қарағанда тұрақты. (Карбкатиондардың салыстырмалы тұрақтылығы келесі иондар қатар бойынша орналасады: 3° > 2° > 1° > метил). С2-С3 байланысы бойынша бөлшектенуден түзілген иондар m/z=43 немесе 29, ал С1-С2 байланысы бойынша түзілген иондар m/z=57 немесе 15. 14.2-сурет Пентанның масс-спектрі. Негізгі бөлшектің шың биіктігі ең жоғарғы шың. Молекулалық ионның m/z мəні қосылыстың молекулалық массасын береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==