Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

126 14.1-сурет Масс-спектрометрдің сызбанұсқалық диаграммасы Масс-спектрометрдің принципиалдық сызбанұсқасы. Электрон шоғырының жоғарғы энергиясы молекуланың иондануына жəне бөлшектенуіне əкеледі. Оң зарядталған бөліктері анализатор түтігі арқылы өтеді. Магниттік өрістің өзгеруі бөлшектерді массасының зарядына қатынасы бойынша бөлуге мүмкіндік береді.  1-ЖАТТЫҒУ Масс-спектрометрде алынған келесі бөлшектің қайсысы анализатор түтігінде күшейеді? 14.2 МАСС-СПЕКТР • БӨЛШЕКТЕНУ Пентанның масс-спектрі 14.2-суретте көрсетілген. Спектрдегі əр m/z мəні бір бөлшектің молекулалық массасы. Бұл жерде m/z мəні ең жоғары шың, молекуланы атқылағанда шығатын m/z=72 тең бөлшек молекулалық ион (М). (Өте кішкентай шың m/z=73 кейінірек түсіндіріледі). Молекулалық ионның m/z сол қосылыстың молекулалық массасын береді. Масс-спектрометр тек оң зарядталған бөлшектерді тіркейді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==