125 (УК/ИҚ) спектроскопиясын қарастырғанбыз (7.10-бөлім). Бұл тарауда біз үштен артық аспаптық əдістерді қарастырамыз. • Бізге қосылыстың молекулалық массасы мен молекулалық формуласын, сондай-ақ оның кейбір құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін масс-спектрометрия əдісі. • Қосылыстың құрамындағы функционалдық топтарын анықтауға мүмкіндік беретін инфрақызыл спектроскопиясы (ИҚ) • жəне көміртек-сутектік құрылысы жайлы ақпарат беретін ядролық магниттік резонанс (ЯМР). Біз əртүрлі аспаптық əдістерді қарастырғанда түрлі органикалық қосылыс кластарын қамтимыз; бұл қосылыс кластары ыңғайлы болу үшін кітаптың соңғы бетінде берілген. 14.1 МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ Бізге қосылыстың молекулалық массасы мен молекулалық формуласын, анықтауға мүмкіндік беретін əдістердің бірі – масс-спектрометрия. Бұдан басқа ол бізге қосылыстың құрылысы жайлы басқа да мəлімет береді. Масс-спектрометрияда қосылыстың аз мөлшері масс-спектрометр деп аталатын аспапқа енгізіледі. Онда ол буланып, жоғарғы энергиялы электрондар ағынымен атқыланады. Электрондар ағыны молекулаға тиген кезде одан электрон бөлініп молекулалық ион пайда болады. Молекулалық ион жұпсыз электрон мен оң зарядтан тұратын катион-радикал. Электрондық атқылау молекулалық ионға көп кинетикалық энергия шашатындықтан, олардың көпшілігі кішкентай катиондарға, бейтарап молекула радикалдары мен басқа радикалды катиондарға ыдырайды. Байланыстардың, əсіресе əлсіз байланыстардың үзіліп, біршама тұрақты өнімдердің түзілуі таңқаларлықтай емес. Молекуланың барлық оң зарядталған бөліктері анализатор түтігіндегі бөліктерді жылдамдататын теріс зарядталған екі пластина арасында жинақталып иондар коллектор тесігі арқылы шығады (14.1-сурет). Иондар бөлігі неғұрлым тұрақты болса, олардың коллекторға одан əрі бұзылмай келу мүмкіндігі көп. Кəдімгі бөліктері теріс зарядталған пластинаға жинақталмайды, сондықтан жылдам қозғалады. Соңында олар спектрометрден шығарылып тасталады. Масс-спектрометр əр бөліктің массасының зарядына қатынасының (m/z) саны салыстырмалы қисық түрінде жазады. Себебі, тек оң зарядталған бөліктер ғана жылдамдайды, барлық бөліктердегі коллекторға жеткен заряд (z) +1 болады. Соныменен m/z мəні – бөліктің молекулалық массасы (m). молекула электрон ағыны молекулалық ион катион радикал электрон
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==