Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

124 ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АНЫҚТАУ Органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау – органикалық химияның маңызды бір бөлімі. Химиктер үнемі құрылысын дəлелдеуді қажет ететін қосылыстарды синтездейді. Мысалы, алкинге қышқыл катализаторы қатысында судың қосылуынан кетон түзілетіндігі белгілі (5.11-бөлім). Бірақ бұл реакция өнімі шындығында да кетон екендігі қалай анықталады? Дүние жүзіндегі барлық ғалымдар физиологиялық белсенді жаңа қосылыстарды іздестіреді. Егер болашағы зор қосылыс табылса, оның құрылысы анықталуы керек. Химиктер оның құрылысын білмесе қосылысты синтездеу жолын іздестіре алмайды, оның биологиялық белсенділігіне жауап беретін зерттеулерді жүргізе алмайды. Өз кезінде органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау қарапайым емес жəне талдауға қажет қосылыстарды алу өте қиын болатындай қосылыстардың көп мөлшерін қажет етеді. Қазіргі кезде органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау үшін əртүрлі аспаптық əдістер қолданылады. Бұл əдістер қосылыстардың аз мөлшерімен жылдам орындалады. Біз қосарланған қос байланыстары бар органикалық қосылыстардың құрылысы жайлы мəлімет беретін мұндай əдістердің бірі: ультракүлгін/көрінетін 14-ТАРАУ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==