122 27. Күрделі малон эфирінің синтезі бойынша гексан қышқылын алу жолын көрсетіңіздер. 28. Арахидон қышқылы 20 көміртегі атомынан тұратын қаныққан май қышқылы.1 моль арахидон қышқылын алу үшін қанша моль малонил-КоА қажет ? 29. а. Арахидон қышқылының биосинтезі CD3COSR мен дейтерленбеген малонил тиоэфирімен жүргізілсе арахидон қышқылын алу үшін қанша дейтерий қажет? ə. Егер арахидон қышқылының биосинтезі CD3COSR мен дейтерленбеген ацетил тиоэфирімен жүргізілсе, арахидон қышқылын алу үшін қанша дейтерий қажет? 30. Сутегімен байланысқан пропеннің sp3 көміртегі рКа мəні 13.1-кестеде көрсетілген қосылыстардың рКа мəнінен көп, бірақ алкандардың рКа мəндерінен аз. Себебін түсіндіріңіздер. 31. Метилацетат жəне метилпропанаттың NaOCH3 метанол ерітіндісіндегі қоспадан алынатын төрт β-кетоэфирлердің құрылымын көрсетіңіздер. 32. β,α-қанықпаған карбонилді қосылыстарды қышқыл немесе негіз қатысында коньюгирленген β,α-қанықпаған тұрақты қосылысқа ауыстырыңыз. а. Негіз катализаторы қатысындағы қайта топтасу механизмін көрсетіңіздер. ə. Қышқыл катализаторы қатысындағы қайта топтасу механизмін көрсетіңіздер. 33. Гептандион-2,6 мен нонадион-2,8-ді натрий гидроксидімен өңдесе алты мүшелі сақиналы өнім түзіледі. Түзілген қосылыстардың құрылымын көрсетіңіздер. 34. а. Не себепті 2-метил-1-фенил-1-бутанонның рацематтық қоспасынан негіздің сулы ерітіндісінде еріткенде (R)-2-метил-1-фенил-1-бутанон түзіледі. ə. Рацематты қоспаны негіздің сулы ерітіндісінде еріткенде түзілетін басқа кетонға мысал келтіріңіздер. 35. Молекула ішілік Кляйзен конденсациясы Дикман конденсациясы деп аталады. Келесі қосылыстар үшін Дикман конденсациясының механизмін көрсетіңіздер. ə. б. Н3О+ немесе НОβ,γ-қанықпаған карбонилді қосылыс α,β-қанықпаған карбонилді қосылыс 1,7-диэфир β-кетоэфир
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==