119 22-ЖАТТЫҒУ Пальмитин қышқылы 16 – көміртекті тармақталмаған қаныққан май қышқылы. 1 Моль пальмитин қышқылын синтездеу үшін малонил-КоА қанша молі қажет? 23-ЖАТТЫҒУ а. Егер пальмитин қышқылының биосинтезін CD3COSR жəне дейтерленбеген малонил тиоэфирімен жүргізсе, пальмитин қышқылына қанша дейтерийі қатысады? ə. Егер пальмитин қышқылының биосинтезін -OOCCD2COSR жəне дейтерленбеген ацетил тиоэфирімен жүргізсе, пальмитин қышқылына қанша дейтерийі қатысады? ҚОРЫТЫНДЫ Альдегидтер мен кетондар немесе күрделі эфирлердің α-көміртегіндегі сутектік байланыс күшті негізбен бөлінуі үшін біршама қышқыл болады. Себебі, протон бөлінгенде оттегі атомындағы теріс зарядтардың делокализациялануынан негіз түзіледі. Альдегидтер мен кетондар (рКа=16-20) күрделі эфирлерге (рКа~25) қарағанда қышқыл. β-Дикетондар (рКа~9) мен β-кетоэфирлердің (рКа~11) қышқылдығы одан да жоғары. Таутомерлену деп аталатын кето-енолдық өзара ауысу қышқыл немесе негіздермен катализденеді. Кето таутомер біршама тұрақты. Енолят иондар α-көміртегін алкилдейді. Альдольді қосылуда альдегидтің немесе кетонның енолят ионы екінші альдегид немесе кетон молекуласының карбонилді көміртегін шабуылдап, βгидроксиальдегид немесе β-гидроксикетон түзіледі. Жаңа С-С байланысы бірінші молекуланың α-көміртегі мен екінші молекуланың карбонилді көміртегі болған көміртегі атомы арасында түзіледі. Альдольді қосылу өнімін дегидратациялау нəтижесінде альдольді конденсация өнімі түзіледі. Кляйзен конденсациясында күрделі эфирдің енолят ионы екінші эфир молекуласының карбонилді көміртегін шабуылдап, OR- тобын бөліп β-кето күрделі эфир түзіледі. 3-орында карбонилді тобы бар карбон қышқылдары қыздырғанда декарбоксилденеді. Карбон қышқылдары малон эфирінің синтезі арқылы алынады; күрделі диэфирдің α-көміртегі алкилденеді жəне орынбасқан малон қышқылдары гидролизденеді жəне қышқыл қатысында декарбоксилденеді; алынған карбон қышқылында галогеналканмен салыстырғанда екі көміртегі атомы көп болады. Осыған ұқсас, метил кетондарды ацетосірке эфирін синтездеу жолымен алуға болады; карбонилді топ жəне көміртегі атомы бойынша ацетосірке эфирі түзіледі, ал қалған метил кетон галогеналканнан алынады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==