11 байланысқан үш атом бір жазықтықта жатады жəне валенттік бұрыштары 120° болады. Карбонилді оттегі де sp2 гибридтелген. Оның біреуі карбонилді көміртегімен -байланыс түзеді жəне əр екі sp2 орбиталдің жеке жұп электрондары болады. Карбонилді оттегінің қалған р-орбиталдары басқа карбонилді топтағы көміртегінің р-орбиталдарымен қаптасып π-байланыс түзеді (11.1-сурет). 11.1-сурет Карбонилді топтағы байланыс. π-Байланыс көміртегі р-орбиталінің оттегі рорбиталімен қаптасуынан түзіледі. Күрделі эфирлер, карбон қышқылдары, амидтердің əрқайсысында екі резонанстық құрылым болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==