118 Тиоэфир мен малонил тиоэфирінің молекулалары май қышқылдары биосинтезінің бірінші сатысының реагенттері. Кляйзен конденсациясының бірінші сатысы. Біз Кляйзен конденсациясында нуклеофил күшті негіз ретінде α-протонды бөлу үшін қажет екендігін көрдік. Тірі жасушаларда күшті негіздер болмайды, өйткені биологиялық реакциялар бейтарап рН-та жүреді. Осылайша қажетті нуклеофил малонил тиоэфирінің αкөміртегінен протонның бөлінуінен емес, СО2 бөлінуінен пайда болады. (3-орында карбонил тобы бар карбон қышқылдарының жеңіл декарбоксилденетіндігін естеріңізге саламыз, 13.8-бөлімді қараңыздар). • Конденсация реакциясының өнімі молекуланың қысқаруы дегидратация жəне екінші өнімі төрт көміртекті тиоэфир. • Төрт көміртекті тиоэфир мен малонил тиоэфирінің молекуласы екінші сатының реактивтері. Тағы да конденсация өнімі молекуланың қысқаруы, дегидратация жəне екінші қысқарудан алты көміртекті тиоэфирдің түзілуі. Реакция сатылары қайталанады жəне əр сатыда тізбекке екіден көп көміртегі атомдары қосылып отырады. Енді біз не себепті табиғи май қышқылдарының тармақталмаған тізбекті жəне көміртегі атомдарының жұп сандарынан тұратындығын түсінетін боламыз. Сəйкес көміртегі атомдары бар тиоэфир алынғаннан кейін ол глицеринмен қайта этерификациялану реакциясына түсіп майлар мен фосфолипидтер түзіледі (11,10, 19,3 жəне 19,5бөлімдерді қараңыздар). оқулық: жалпы реакция жағдайлары: α-көміртегі бойынша жүретін реакциялар
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==