117 Биологиялық Кляйзен конденсациясы Ұзын тізбекті тармақталмаған карбон қышқылдары май қышқылдарына жатады (11.10 жəне 19.1-бөлім). Табиғатта көп кездесетін май қышқылдары құрамында екі көміртегі атомы бар сірке қышқылынан синтезделетіндіктен көміртегі атомдарының жұп сандарынан тұрады. Биологиялық реакциялар физиологиялық рН (7,3) жүретіндіктен реагент – протоны жоқ сірке қышқылының ацетаты. Біз карбоксилат иондарының нуклеофилді шабуылға инертті екендігін көрдік (11.11-бөлім). Карбоксилат иондарын тиоэфирлерге ауыстыру арқылы биологиялық жүйелердің белсенділігін арттыруға болады. Тиоэфирлер карбоксилатты оттегінің орнында күкірт атомы болатын күрделі эфирлер. Бұл реакция АТФ қажет етеді; АТФ карбоксилат ионындағы тиолға алмасатын топты бөледі (18.2-бөлім). Тиол дегеніміз құрамындағы оттегі атомының орнында күкірт атомы болатын спирт. Тиолдар көбінесе тиоэфирлер алу үшін кофермент А деп аталатын фермент түрінде қолданылады. Май қышқылдарын синтездеу үшін қажетті реагенттердің бірі – ацетил КоА карбоксилдеу арқылы алынатын малонил КоА (17.8-бөлім). Май қышқылдарының синтезі алдында ацетил-КоА мен малонил-КоА ацил топтары қайта этерификация реакциясымен басқа тиолдарға ауысады (11.8-бөлім). ацетат кофермент А ацетил КоА АТФ ацетил-КоА малонил-КоА ацетат кофермент А ацетил-КоА малонил-КоА
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==