Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

116  21-ЖАТТЫҒУ Фруктоза-1,6-дифосфатты дигидроксиацетонсинтетаза фосфат пен глицеральдегид-3фосфаттан ОН- катализаторы қатысында түзілуін көрсетіңіздер. Биологиялық альдольді конденсация Коллаген – ұсақ қоректілер организміндегі жалпы ақуыздың төрттен бір бөлігін құрайтын негізгі ақуыз. Ол сүйек ұлпасының, тістің, терінің, сіңірдің жəне шеміршектің жіпшелі компоненті. Коллагеннің жеке молекулалары тек жас малдың ұлпаларынан ғана бөлініп алынады. Үлкен малдардың жеке молекулалары тігісіп бірігіп кетеді, сондықтан үлкен малдың еті жас малдың етіне қарағанда қатты келеді. Коллаген тармақтала жүретін альдольді конденсация реакциясына мысал бола алады. Конденсация тармақтала жүру үшін коллаген молекуласының аммоний топтары альдегид топтарына алмасуы керек. Бұл реакцияны катализдейтін фермент лизил-оксидаза деп аталады. Екі альдегид топтарының арасындағы альдольді конденсация ақуыздың тармақтала түзілуіне əкеледі. альдолаза дигидроксиацетон фосфат фруктоза-1,6-дифосфат глицеральдегид-3-фосфат 3-Dмолекула: альдолаза

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==