115 20-ЖАТТЫҒУ Келесі метилкетондардан ацетосірке эфирлерін алу үшін қандай бромалкандар қолданылады? а. пентанон-2 ə. октанон-2 б. 4-фенилбутанон-2 13.11 БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ α-КӨМІРТЕГІ БОЙЫНША ЖҮРЕТІН РЕАКЦИЯЛАР Биологиялық жүйелерде жүретін көптеген реакциялар – біз осы бөлімде қарастырған α-көміртегі бойынша жүретін реакциялар. Енді біз олардың бірнеше мысалдарын қарастырайық. Биологиялық альдольді қосылу Глюкоза, табиғатта көп кездесетін биологиялық жүйелерде пируваттың екі молекуласынан синтезделетін қант. Пируваттың екі молекуласы глюкозаға өзгеруімен жүретін реакциялар глюконеогенез деп аталады. Глюкозаның қайтадан екі молекула пируватқа ыдырауы гликолиз деп аталады (18.4-бөлім). Глюкоза молекуласында пируватпен салыстырғанда көміртегі саны екі есе көп болғандықтан, сіздер глюкоза биосинтезі сатыларының бірі альдольді қосылу реакциясы екендігіне таң қалмауыңыз керек. Альдолаза деп аталатын фермент дигидроксиацетон фосфаты мен глицеральдегид-3-фосфат арасындағы альдольді қосылу реакциясын катализдейді (17.3-бөлім). Реакция өнімі соңынан глюкозаға өзгеретін фруктоза-1,6-фосфат.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==