113 18-ЖАТТЫҒУ Келесі карбон қышқылдарынан малон эфирлерін синтездеу үшін қандай бромды алкилдер қолданылады? а. пропан қышқылы ə. 3-фенилпропан қышқылы б. 4-метилпентан қышқылы 13.10 АЦЕТОСІРКЕ ЭФИРІНІҢ СИНТЕЗІ: МЕТИЛКЕТОНДЫ СИНТЕЗДЕУ ƏДІСІ Ацетосірке эфирі мен күрделі малон эфирі синтезі арасындағы жалғыз айырмашылық бастапқы зат ретінде малон эфирі емес, ацетосірке эфирінің қолданылуында. Бастапқы заттардағы айырмашылықтан ацетосірке эфирінің өнімі карбон қышқылы емес метилкетон болады. Метил кетонның карбонилді тобы мен көміртегі атомы ацетосірке қышқылынан алынады, қалған кетондық бөлігі реакцияның екінші сатысында қолданылатын галогеналканнан алынады. Ацетосірке эфирі мен күрделі малон эфирлерінің синтездері ұқсас. Ацетосірке эфирі синтезінің соңғы сатысы орынбаспаған малон қышқылының түзілуі емес, орынбасқан ацетосірке қышқылының декарбоксилденуі. ацетосірке эфирінің синтезі оқулық: ацетосірке эфирінің синтезі Ацетосірке эфирі метилкетон мен одан екі көміртегі атомына көп галогеналкандардан синтезделеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==