Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

112 көміртегі малон эфирінен синтезделеді, ал қалған карбон қышқылы синтездің екінші сатысында қолданылатын галогеналкандардан алынады. Малон эфирінің синтезі төменде берілген. • негіз екі эфир тобының ортасындағы αкөміртегінен протонды жеңіл бөледі (рКа=13). • түзілген α-карбанион галогеналканмен əрекеттесіп α-орынбасқан малон эфиріне өзгереді. Сондықтан алкилдеу SN2 реакциясы бойынша жүреді жəне біріншілік галогеналкандар мен метилгалогендермен жеңіл жүреді (9.2-бөлім). • α-орынбасқан малон эфирін қышқылдың сулы ерітіндісінде қыздырғанда екі күрделі эфир топтары да гидролизденеді. • Ары қарай қыздыру α-орынбасқан малон қышқылын декарбоксилдейді. малон эфирінің синтезі Малон эфирі карбон қышқылы мен одан екі көміртегі атомы көп галогеналкандардан синтезделеді. оқулық: Малон эфирінің синтезі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==