108 Кляйзен конденсациясындағы нуклеофилдің шабуылы мен альдольді қосылу реакцияларының арасындағы өзгешеліктерге назар аударыңыздар. Кляйзен конденсациясында көміртегі мен оттегі арасындағы π-байланыстағы оттегі теріс зарядталған. Альдольді конденсациядағы дəл сондай теріс зарядталған оттегі ерітіндіден протонды қосып алады. Кляйзен конденсациясы мен альдольді қосылу реакцияларының соңғы сатыларының айырмашылығы эфир мен альдегид немесе кетондардың əр түрлі болуында. Эфирлердегі теріс зарядталған оттегімен қосылған көміртегі бөлінетін топпен байланысқан. Ал альдегидтер мен кетондардағы теріс зарядталған оттегімен қосылған көміртегі бөлінетін топпен байланыспаған. Сондықтан Кляйзен конденсациясы нуклеофилді орынбасу реакциясына, ал альдольді қосылу нуклеофилді қосылу реакцияларына жатады. Кляйзен конденсациясы альдольді қосылу Ө М І Р Б А Я Н Людвиг Кляйзен (1851-1930) Германияда дүниеге келген. Кекуледен білім алып, Бон университетінде философия докторы атағын алған (7.1-бөлім). Кляйзен Бон университетінде, Оуэнс колледжіндее Манчестер, Англия, Мюнхен, Аахен, Киль жəне Берлин университеттерінде химия профессоры болып қызмет атқарған.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==