107 Кляйзен конденсациясы да альдольді конденсацияға ұқсас карбонилді қосылыстың бір молекуласы екінші карбонилді қосылыс молекуласымен əрекеттесіп енолят ионға айналады. • Күшті негіз α-көміртегінен протонды бөліп, енолят ион түзіледі. • Енолят ион эфирдің екінші молекуласындағы карбонилді көміртегін шабуылдайды. Жаңа С-С байланысы бірінші молекуланың α-көміртегі атомы мен екінші молекуланың карбонилді көміртегі атомы арасында пайда болады. • оттегінің теріс зарядталған түрі көміртегі-оттегі арасындағы π-байланысты үзіп, OR- тобын бөліп шығарады. Реакция аяқталғанда OR- тобын протондау үшін НСІ қосады. Кляйзен конденсациясында қолданылатын негіз күрделі эфирден бөлінетін топқа сəйкес болады, сондықтан негіз нуклеофил ретінде карбонил тобын шабуылдаса реагент өзгермейді. Кляйзен конденсациясының механизмі Кляйзен конденсациясында жаңа байланыс бір молекуланың α-көміртегімен екінші молекуланың карбонилді көміртегі атомы арасында түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==