Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

105  10-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардан альдольді қосылу нəтижесінде қандай өнімдер түзіледі: а. б. ə. в.  11-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстар қандай альдегидтер немесе кетондардан альдольді қосылу нəтижесінде түзіледі: а. 2-этил-3-гидроксигексаналь ə. 4-гидрокси- 4-метил-пентанон-2 б. 2,4- дициклогексил-3-гидроксибутаналь в. 5-этил-5-гидрокси-4-метилгептанон-3 13.6. АЛЬДОЛЬДІ ҚОСЫЛУ ӨНІМІНІҢ ДЕГИДРАТАЦИЯСЫ Біз спирттерді қышқыл қатысында қыздырғанда дегидратацияланатындығын көрдік (10.3-бөлім). Альдольді қосылу өнімдері β-оксиальдегид жəне β-гидроксикетон спирттермен салыстырғанда жеңіл дегидратацияланып карбонилді топтың өзгеруінен қос байланыс түзіледі. Қосарлану өнімнің тұрақтылығын арттырады (6.7-бөлім) жəне оның түзілуін жеңілдетеді. Альдольді қосылу өнімінің дегидратациялану реакциясын альдольды конденсация деп аталады. Конденсация реакциясы екі молекуланың қосылуынан кіші молекула бөлініп (көбінесе су немесе спирт), нəтижесінде жаңа С-С байланысы түзіледі. Альдольді конденсация нəтижесінде α,β-қанықпаған альдегид немесе α,β-қанықпаған кетон түзіледі. 3-D молекулалар: β-гидроксиальдегид; β-гидроксикетон

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==