103 8-ЖАТТЫҒУ Келесі енолят иондардың резонанстық құрылымын жазыңыздар: а. пентанон-3 ə. циклогексанон 9-ЖАТТЫҒУ Егер 8-жаттығуда алынатын енолят иондарды бромды этилмен өңдесе, қандай өнім түзіледі? 13.5 β-ГИДРОКСИАЛЬДЕГИДТЕР МЕН β-ГИДРОКСИКЕТОНДАРДЫҢ АЛЬДОЛЬДІ ҚОСЫЛУ ФОРМАЛАРЫ Біз 12-тарауда альдегидтер мен кетондардың карбонилді көміртегі электрофил болатындығын көрдік. Онда біз альдегидтер мен кетондардың α-көміртегі атомынан протон бөлініп α-көміртегінің нуклеофилге айналатынын көрдік. Альдольді қосылу реакциясында карбонилді қосылыстың бір молекуласынан протон бөлінгеннен кейін α-көміртегі нуклеофил ретінде электрофилді карбонилді қосылыстың екінші молекуласын шабуылдайды. Осылайша, альдольді қосылу реакциясы екі альдегид немесе екі кетон молекуласы арасындағы реакцияға жатады. Егер реагент альдегид болса, қосылу реакциясының өнімі β-гидроксиальдегид түзіледі, сондықтан реакция альдольді қосылу («аль»- альдегид, «ол» спирт) деп аталады. Ал егер реагент кетон болса, қосылу реакциясының өнімі β-гидроксикетон түзіледі. Реакция нəтижесінде бір молекуланың α-көміртегі атомымен екінші молекуланың карбонилді көміртегі болған атом арасында жаңа С-С байланысы түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==