Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

101 • қышқыл кето таутомердің карбонилді оттегін протондайды. • су α-көміртегінен протонды бөліп енол түзіледі. Негіз жəне қышқыл қатысындағы сатылардың баяу жүретіндігіне назар аударыңыздар. Негіз қатысындағы реакцияның бірінші сатысында негіз α-көміртегінен протонды бөліп, екінші сатысында оттегі протонданады. Қышқыл қатысындағы реакцияның бірінші сатысында оттегі протонданады жəне екінші сатысында α-көміртегінен протон бөлінеді.  6-ЖАТТЫҒУ Əр қосылыстың енолды таутомерлерін көрсетіңіздер: а. ə. б.  7-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстың екі енолды таутомерлерін көрсетіңіздер. Олардың қайсысы біршама тұрақты? 13.4 ЕНОЛЯТ ИОНДЫ АЛКИЛДЕУ Енолят иондардың резонанстық құрылымында электронға бай екі орын бар: көміртегі мен оттегі: қышқыл қатысындағы кето-енолды өзара алмасу механизмі

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==