Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

9 Эфирлердің номенклатурасы Күрделі эфирлердің құрамында карбон қышқылдарындағы ОН тобының орнында басқа топтар болады. Эфирлерді атауда карбоксилді оттегімен байланысқан топ (R) бірінші, ал одан кейін карбонилді оттегі қасындағы қышқылдың атауына сай «ат» жалғауына алмастырылады. жүйелік этилэтанат 3-метилпентаноилхлорид метил-3-бромбутанат жалпы этилацетат фенилпропанат метил--бромбутанат Карбон қышқылдарының тұздары да осылайша аталады. Катион бірінші, одан кейін қышқыл атауы «ат» жалғауына алмастырылады. жүйелік натрий метанаты калий этанаты жалпы натрий формиаты калий ацетаты Амидтер номенклатурасы Амидтерде карбон қышқылдарындағы ОН тобының орнында NH2, NHR немесе NR2 топтары болады. Амидтерді атауда қышқыл сөзі «амид» сөзіне алмастырылады. жүйелік этанамид 4-хлорбутанамид жалпы ацетамид γ-хлорбутирамид

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==