Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Қорыктың негізгі бөлігі 50 000 гектардан асатын Кендірлісор болып табылады. Оған жалғасып жатқан құмды жоталы Қарын- жарықсор косылып осы аттас ойпатты кұрайды. Ойпатта күн батар алдында таңкаларлык гажайып көрініс - Кендірлісордың бетіне күн шағылысып айнала аппак болып, ал оның бетінде үлкен қара камал сиякты Қарамая тауы көрінеді. Үстірт қорыгының флорасы. Топырак жамылғысының әр- түрлі болуы өзіндік флора ерекшелігіне эсер етеді. Сазды топырак- тарда - бұйыргынды, күйреуікті; ұсак тасты топырақтарда - тасбұйырғынды; тасты топырактарда - жусанды, итсигекті, шыр- мауықты, түйесіңірлі, сексеуілді; сор топырақтарда - сарсазанды өсімдіктер қауымдастыктары басым. Қорык территориясында өсімдіктердің 43 тұкымдасы, 163 туысына жататын 263 түрі, оның ішінде Қызыл кітапка енген 5 түр: кэдімгі жұмсакжеміс, майда қатыран, қаттыбақаз сүттігені және хиуа сороңы, бор рияңы кездеседі. Мұның ішінде ертеортатеңіздік субтропикалык саваннаның реликті - кэдімгі жұмсақжеміс өсімдігі ерекше түр. Жер бетіне жайыла өсетін шашакталған ұзын сабакты, қызыл шар тәрізді жемістері бар бүл бұта шоғырланған үлкен түп түзеді. Жемісі жеуге жарамды, құрамында С витамині көп. 86-с\ рет. Кэдімгі жүмсакжеміс (Malacocarpus critlimiiolius Retz.)

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==