аккылтан өсімдігі кездескенімен негізінен бетеге доминантты болып келеді. Фриганойдтар немесе таулы ксерофиттер - құрғак, тасты жерлерге тэн өсімдіктер жабынының ерекше түрі. Бұлардың кұрамында көпжылдык тікенді шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар және бұталар басым. Олардың көпшілігі кемпіршөп, сетей, көбенкұйрык, Регель тарбақайы жэне т.б. эндемикті түрлер. Қорықта жапыракты бұталардың еншісі аз. Бұл тоғайлардың ішінде тиынжапырақ үшкат жэне ырғайдың екі түрі доминантты болып келеді. Анда-санда шетен ағашы мен Корольков доланасы кездеседі. 72-сурет. Каратах пиязы (Allium karataviense) Өзен аңғарларында кездесетін тоғайлы ормандарда реликті соғды шағаны және бойы аласа талдар, түркістан доланасы, түт ағашы, Сивере алмасы жэне Семенов үйеңкісі кездеседі. Үйеңкі ағашы - кұрғакшылыкка төзімді, ертедегі үштік дәуірдегі ормандар калдыты. Олардың 10-30 түп ағаштан тұратын топтары тағы да бір реликті түр - Регель алмүртымен бірге орталык Қаратаудың ормансыз тау беткейлеріне сән беріп тұрады. Құрғак шаткалдар мен беткейлердің етегінде Шренк тобыл- ғытүсі өседі. Раушангүлділер тұкымдасының бүл ерекше бүтасы - палеоген дәуірінен (30 млн жылдан аса) сакталған монотипті (бір
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==