Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

кожакат, бүлдірген, шыргалак сиякты жабайы жеміс-жидектер де КӨП. Итмұрын, дала кырыкбуыны, кұлмак, орал миясы, шайшөп, өгейшөп. түркістан сасыкшөбі, кэдімгі жүпаргүл, орта тасшүйгін, биік андыз, кәдімгі мыңжапырак сиякты дэрілік өсімдіктер де жиі кездеседі. Жіпілген иісгүлі, жіңішкежапырак иваншәй, жоңгар бәрпісі, сүйелшөп, іле тегеурінгілі және т.б. халык медицинасында жиі колданылады. Алматы қорыгының фаунасы. Қорықтың жануарлар әлемі де алуан түрлі. Омырткасыз түрлердің саны әлі толык белгісіз, алайда казіргі таңда 8 класка жататын 2000-ға жуык түр аныкталган. Қорықта ең алдымен алуан түсті көбелектер назарға ілігеді. Мұнда көбелектердін ең ірілері - желкеншілерден бастап, майда көккө- белектерге дейін 135-ке жуык түрлері кездеседі. Насекомдардың 6000-нан аса түрі тіршілік етеді. Осылардың ішінен тек 12 түр гана Қазақстанның Кызыл кітабына енген. Бұлар - көрнекті шокпар карынды инелік, эміршіл инелік, эдемі қыз инеліктері; тең қанаттылардан - дала кергісі; тік канаттылардан - Якобсонның жалғасы; қоңыздардан - Семенов барылдауык коңызы, кос нүктелі канкызы, нүктелі канкызы, үлкен тамыржегіш; күндізгі желкенші көбелектерден - бедромиус және патриция, Ершов сэры көбелегі жэне Татьяна көк көбелегі. Қорыкта омырткалылардың 225 түрі, оның ішінде: балықтың 3 түрі, кос мекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, кұстардың 172 түрі жэне сүткоректілердің 42 түрі тіршілік етеді. Қорык аумағындағы Шелек өзенінде балыктың барлык үш түрі - Штраух талма-балыгы, алтын-балык жэне кабыршақты көкбас кездеседі. Талгар және Есік өзендерінде жасыл қүрбака мен көлбака тіршілік етеді. Ал бауырымен жоргалаушылардың ішінде алай жалаңкөзі кесірткесі мен калқантұмсык жыланы тіпті альпі белдеулеріне дейін кездесе береді. Қорыктагы қүстардың тіршілігі олардың үя салатын орын- дарының экологиялык жағдайларымен тығыз байланысты. Саркы- раған өзендер мен бұлактар төңірегінде көккүс, кэдімгі жэне қүба сушылқара, батпакты жерлерде сарыбас наурызек үя салады. Орманды белдеудің биік шөпті шалгындыктарынан бөдененің, тартардың жэне кәдімгі шырылдак торгай ұясын көруге болады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==