Олардың ішінде 6 түр - бүркіт, сакалтай, жыланшы бүркіт. жүртшы, ителгі, бакалтақ қыран сирек кездеседі. 55-сурет. Мензбир суыры (Marmota menzbieri) Ақсу-Жабағылы корығында Батые Тянь-Шань териофаунасы- ның 80% кұрайтын сүткоректілердің 52 түрі бар. Олардың ішінде - кемірушілер (44%), жырткыштар (24%), жарғанаттар (18%), тұяктылар (9%), коян тэрізділер мен насекомкоректілер (3%-дан). Түяктылар ішінен арқар, таутеке, елік, марал жэне жабайы шошка, жыртқыштардан - аю, борсық, аққалак, тас сусары жэне ақкіс, сусар, түркістан сілеусіні, кемірушілер мен коян тәріз- ділерден - ұзын құйрыкты суыр, жайра (тағылан), толай кояны, ондатр кездеседі. Сусардан (40-50 особь) баскасы өте сирек (2-5 особь). Тұякты жануарлардың ішінде тауешкі, аркар корыктың тек солтүстік бөлігінде тіршілік етеді. 1952 жылы корыкка бірнеше марал жіберілген болатын. Жануарлар жаңа коныска тез бейім- деліп, батыс Тянь-Шаньның фаунасын байыта түсті. Сирек кез- десетін жэне жойылып бара жатқан сүтқоректілердің 10 түрі Қазакстанның Қызыл кітабына енген. Әсіресе корғауға аса қатты көңіл бөлінетін 3 түр бар: Халықаралық табигат қоргау кеңесінің (IUCN) тізіміне енген - ілбіс, жоғалып бара жаткан аркардың түр тармағы жэне батыс тянь-шандык эндемик Мензбир суыры (көк суыр).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==