Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

53-сурет. Грейг кызғалдағы (Tulipa greigii) Мұндағы жартылай саванналар мен саваннойдтар өсімдіктер жабыны тек батыс Тянь-Шанға ғана тэн. Қорық аумағында осы типтердің үш нұскасы кездеседі. Негізінен пиязшықты қоңырбас пен жуансабакты қиякөлең, вегетациялык мерзімі кыска көп- жылдык (эфемероидтар) жэне біржылдык (эфемерлер) өсімдіктер өсетін аласа шөптесін саваннойдтар корык шекарасындағы тау етегінде көптеп өседі. Таудың төменгі белдеуінде ірішөптесін өсімдікті саванноидтарда бидайык, талшықты бидайык, пиязшыкты арпа өсімдік түрлері көп кездеседі. Үшінші нұскада шатыргүлділер тұкымдасына жататын көбіне «умбелляралар» деп атайтын жіңішкетілік сасыр, малазыктық сайсабак өсімдік түрлері басым. Олар кеңінен - төменгі тау етегінен таудың ортаңғы белдеуіне дейін, кейде субальпі белдеуінің төменгі бөліктерінде де кездеседі. Батыс Тянь-Шанга тән өсімдіктер жабынының бір түрі - аршалы ормандар. Олар осы аймактың ландшафтында кайталанбас көрініс беріп тау беткейлерін эрозиядан сақтап, ылғал жинап, өзен ағыстарын реттеп, кар көшкіндері мен селдерден корғайды. Аршалардан бөлінетін эфир майлары мен фитонцидтер ауа кұра- мын тазалап жақсартады. 1 гектар арша орманы тэулігіне 30 кг осындай заттар бөледі. Алайда соңғы ғасырда антропогендік әсерден аршалы ормандар аумағы біршама азая түсті. Сондыктан олар ерекше қорғалатын 1 категориялы ормандар категориясына

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==