Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Мемлекеттік табиги резерваттар - құрамында кұрылык және су экожүйелері бар табиғи кешендер мен соларга байланысты табиғи жэне тарихи-мэдени нысандардың биологиялык алуантүр- лілігін корғау, орнына қайта келтіру жэне қолдау үшін кұрылған табиғат корғау және ғылыми статусы бар ерекше корғалатын табиғи аумак. Қазакстандагы резерваттар: 1. Акжайык; 2. Ертіс орманы; 3. Ырғыз-Торгай; 4. Семей орманы. Жоспарда Алтын-Дала резерватын кұру бар. Мемлекеттік табиги қаумалдар (заказниктер) - мемлекеттік табиги-корық корындағы бір немесе бірнеше нысандарын сақтау жэне орнына келтіру үшін адам кызметі арнайы реттеліп отыратын ерекше коргалатын табиғи аумак. Қаумалдар (заказниктер) - өндірістен алынбай, адам кызметі белгілі бір тэртіп бойынша жүргізілетін популяциялар мен ланд- шафтарды корғау үшін кұрылған аумақтар. Қазакстанда барлығы 52 қаумал бар. Олар 3 типке бөлінеді: 1) зоологиялық қаумалдар (саны 35); 2) ботаникалык каумалдар (11); 3) кешенді каумалдар (6). Мемлекеттік қорықтық аймақтар - мемлекеттік табиғи корыктар, мемлекеттік үлттык табиғи саябактар, мемлекеттік табиғи резерваттар территорияларындағы, акваторияларындағы мемлекеттік табиги-қорық корларын жэне биологиялык алуан- түрлілікті сактау үшін қүрылған ерекше корғалатын табиги аумак. Қорыктык аймақтар 1976 жылдан бері жұмыс істейді. Олардың катарына жататындар: 1. Солтүстік Каспий; 2. Жусандала; 3. Кендірлі-Қаясан; 4. Арыс жэне Қаратау; 5. Оңтүстік Қазакстан. Мемлекеттік табшат ескерткіштері — кұрамында эко- логиялык, гылыми, мэдени жэне эстетикалық тұрғыдан орны толмастай бағалы жэне бірегей табиғи кешендері бар ерекше

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==