сирек жэне жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін корғаудың бір жолы - оларды ботаникалық бактарда, тэжірибелік станцияларда мэдени жағдайда өсіру болып табылады. Соңгы мәліметтер бойынша Қазакстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ден аса түрлері (20-га жуык ағашты өсімдік түрлері) енген. Олардың ішінде жоғарыда аталган түрлерден баска: шаган (Fraxinus), Сивере алмасы (Malus sieversii), Регель алмүрты (Pyrus regelii), пыста (Pistacia vera), берікқара терегі (Popuius berkarensis), Кавказ таудағаны (Celtis caucasica), кәдімгі өрік (Armeniaca vulgaris), шаттауык орманжаңғағы (CoryIis avellana) жэне т.б. бар. 1994 жылы Қазакстан биоалуантүрлілік Конвенциясына, 1999 жылы - жоғалу каупі бар флора мен фауна түрлерін сату туралы халыкаралық Конвенцияға (CITES) косылды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы флора мен фауна өкілдерін сақтау үшін халықаралык каражаттар алуға мүмкіндік алды. 6.2 Қазақстандағы ерекше корғалатын статусы бар аумақтар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар — ерекше қоргау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-корык корының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілері жэне олардың үстіндегі эуе кеңістігінің учаскелері. Қазакстан Республикасында қазіргі таңда 10 корык, 11 ұлттык саябақ, 4 резерват, 3 қаумал (заказник), 5 корык аймағы, респуб- ликалык дәрежедегі 26, облыстық дэрежедегі 53 табиғат ескерт- кіші, 5 ботаникалық бак жэне 3 зоопарк жүмыс істейді. Мемлекеттік табиги қоръщ - территориясында болып жаткан табиғи процестер мен қүбылыстардың жүруін бакылайтын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың қауымдастыктары мен жеке түрлерін, экожүйелерді зерттеп сақтау мақсатында кұрылган, табиғат корғау жэне ғылыми мекеме ретінде статусы бар ерекше корғалатын табиғи аумақ. Сирек кездесетін жануарларды, кұстарды жэне өсімдік- терді сақтау мақсатында Қазақстан территориясында 10 корык кұрылган.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==