Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

нуарлар турлері (палеоэндемиктер). Мысалы. Комор аралдары мен Мадагаскардың эндемигі - Латимерия балығы (Latimeria chaluannae). Географиялық реликті түр.іер - геологиялык дәуірлерде тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты флора мен фауна өкілдерінің белгілі бір аймакта сакталып қалған түрлері. Әсіресе Кавказда, Орта Азия мен Қиыр Шыгыста реликті өсімдіктер кауымдастыктары көп кездеседі. Мысалы, үштік (неогендік) реликті түрлерге Колхидадағы дзельква, талшын және мәңгі жасыл бұталар (самшит (Buxus), понтий кірпішөбі, үшкір жапырақты падуб (Ilex), понтий әлпеншегі (рододендрон) жэне т.б.) мен шөптесін өсімдіктер жатады. Мүздык дәуірінің реликті түрлеріне Кавказдағы - батпак мажырасы. Орта Азиядағы жаңғакты-жемісті және Әзірбайжандағы гиркан ормандары, Европаның орталык аудандарындағы - аласа кайың, Евразияның солтүстігіндегі түщы көлдердегі - мизидалар (Mysis oculata varrelicta) мен бүйірлеп жүзгіштер (Pontoporea affinis) жатады. Реликті түрлермен катар ТМД аумағында эндемикті түрлер де көптеп кездеседі. Мысалы, эсем майкарағай Камчатканың тек бір ғана жерінде, ал Островский жэне Регель кызғалдақтары тек Алматы маңындағы таулы жерлерде ғана өседі. Шырак сиякты гүл шоғырларының әдемілігімен ерекшеленетін шырыштың (Eremurus) 40-ка жуык эндемик түрлері, желім сиякты шырын алынатын таспаның (Astragalus) 20-ға жуық түрі тек Орта Азияда ғана кез- деседі. Қазақстан Республикасында корғауға алынған, сирек кездесе- тін 600-ге жуық өсімдік түрлері бар. Олардың көпшілігі еліміз- дің Қызыл кітабына енген. Бұлардың ішінде гүлді өсімдіктер- ден - тарбакай (Rhaphidophyton), тобылғытүс (Spiraeanthus), сө- геті сасыры (Ferula sugatensis), дәрмене (Artemisia сіпа) және т.б. бар. Сирек жэне жойылып бара жаткан түрлерді корғауда корык- тар мен каумалдардың ролі зор. Қорыктарда сол территориядағы бүкіл табиғи кешен қорғауға алынса, каумалдарда - негізгі корғау объекті бар сол кешеннің тек бір бөлігі ғана корғалады. Кейбір өсімдіктер түрлерін корғау үшін, сол корғауға алынған территорияның кез келген жерінде кейбір іс-кимылдарға (казып алу, сындыру, закым келтіру) тиым салынады. Сонымен катар

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==