өз мезгілінде (жылдың, маусымның, тэуліктің), тіршілік ету стадиясынан асатын уақытта бірде-бір особы кездеспесе, онда таксон табиғатта жойылган түрлер категориясына жатады; - жойылу алдында тұрған түрлер - Critically endangered (CR); - жойылу каупі бар түрлер - Endangered (EN); - элсіз түрлер - Vulnerable (VU), жойылу каупі жоқ, алайда бо- лашақта жойылу қаупі болуы мүмкін түрлер; - жойылудың қауіп-қатері төмен түрлер - Lower risk (LR), жоғарыда келтірілген категориялардың ешкайсысына жатпайтын түрлер. Сирек кездесетін жэне кұрып кету каупі төнген өсімдіктердің тізімінде: - қыналар - 1түр; - саңыраукұлақтар - 13 түр; - мүк тәрізділер - 3 түр; - су шырмауык тәрізділер - 2 түр; - папоротник тәрізділер - 3 түр; - жалаңаш түқымдылар - 2 түр (Шренк шыршасы, зеравшан аршасы); - жабық тұқымдылар 364 түр. Қазақстан аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан фауна мен флора өкілдерінің ішінде көптеген эндемик жэне реликті түрлер бар. Эндемик түрлер - тек белгілі бір ареалда ғана кездесетін биологиялык таксондар. Эндемиктердін ареалдарының шектеулі болуы биотикалық, климаттық және геологиялық факторларга байланысты. Мұндай түрлерге әсіресе мұхит аралдары, окшау- ланған тау алқаптары мен су айдындары бай болып келеді. Мы- салы, Қасиетті Елена аралында түрлердің 85%, ал Галапогосс аралында тіршілік иелерінің 97% эндемик түрлер. Реликті түрлер - бұрынғы геологиялык дәуірлерде кең тара- лып экожүйелерде маңызды орын алған, бертін келе саны азайып, казіргі таңда тек белгілі бір аймақтардағы биотада ғана сакталған тірі организм өкілдері. Олардың филогенетикалык және геогра- фиялык түрлерін ажыратады. Филогенетикалык, реликті турлер - ондаған, тіпті жүздеген миллион жылдар бұрын толыктай дерлік жойылған, үлкен так- сондарға жататын казіргі таңда кездесетін өсімдіктер мен жа-
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==