Қазакстанда дэрілік өсімдіктермен катар сирек кездесетін, сэндік өсімдік түрлері де көп. Олардың да саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймагында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Қазір кең-байтак даламыздан қызғалдактардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөрікаракаты, іле ұшкаты, жатаған шырша, алтай каскыр жидегі, кэдімгі пісте, жіңішке көкнәр, алмұрт-шөп, сары тұңғиық, шықшөп, меруертгүл, жабайы жүзім жэне т.б. бірте-бірте жойылып барады. Адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына да себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600 жылдан бері сүтқоректілердің 36, кұстардың 94 түрінін жер бетінен біржола жойылып кетуі тікелей адамдардың қатысуымен болған. Соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгеріске ұшырады. Оған тікелей эсер етіп отырған - антропогендік факторлар. Қазакстан аумағында казірдің озінде 300- ден аса жануарларға жойылу каупі төніп тұр. Олардың катарына - кар барысы, құдыр, Кызыл каскыр, аркар, үстірт койы, тауешкі, дала мысығы, сілеусін, каракұйрык, камшат, көк суыр, коңыр аю, күзен, сусар, кұндыз, каракөл, сабаншы, жэне т.б. жатады. Ал кұстардан - үлар, дуадақ, безгелдек, саңырау қүр, бұлдырық, ақку, дегелек, кокиказ, карамойнак шагала, сары ала қаз, шалшыкшы т.б. атауға болады. Қазакстанның інжу-маржаны аталған Балкаш, Алакөл, Марқа- көл, Зайсан т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен көп өзгерістерге үшырап отыр. Каспий мен Арал теңізінің экологиялык жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кэсіптік балықтар тіршілігін жойды. Ал Каспий теңізі мұнай өнімдерімен уланып ондағы тіршілік иелеріне өте зор теріс эсер етуде (теңіз балыктары мен кұстар әлемі, итбалықтардың кырылуы жиілеп кетті). Жануарлар дүниесін калпына келтірудің негізгі 4 шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, колдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялык жағдайда гендік қорын сақтап қалу жүмыстары.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==