6-тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Жер бетінде жекелей немесе қауымдастык түрінде тіршілік ететін организмдер коршаган ортаға эсер ететіні белгілі. Осы аркылы табиғат өзін-өзі тазалап, қолдап тұрады. Алайда адам өзінің «нағыз жыртқыш - консумент» ісімен флора мен фаунаның көптеген түрлері, популяциялары тіршілік ететін экологиялык куысына эсер етуде. Табиғатта зиянды түрлер болмайды, барлық түрлердің айналасы үшін бірдей пайдасы бар. Биоталардың түзілуі, пайда болуы миллиондаған жылдар бойы жүріп келді. Барлық тіршілік формалары бір-бірімен тығыз бай- ланысты. Технологиялык дамудың арқасында адам осы байланыс- тарды бүзуда. Паіеонтологтардың айтуъі бойынша, біздің геоло- гиялық дэуірімізде Қазакстан мен Сібір территорияларында тіршілік еткен мамонттардың, жүндес мүйізтұмсықтардың, үлкен мүйізді бұғылардың, алып түйелердің жэне бегемоттардың популяцияларын адамдар аң аулау нәтижесінде жойып жіберген. Сондай-ак Қазакстан жерінде бір кездері бір өркешті түйелер, қүлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіпті, Іле тоғайынан жолбарыс- тын соңгысын 1947 жылы казак аңшысы атып алған. Адамның тікелей немесе жанама эсер етуі арқылы жабайы аңдар мен өсімдіктерді жоюды жалғастыруда. Қазіргі заманды «кырып-жою эрасы» деп атайтыны да осыған байланысты. Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Елімізде өсімдіктер- дің 570 000 түрі өседі. Оның 506 түрі корғауды кажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан түрлерді сактап калу мақсатымен 1981 жылы алғаш рет «Қызыл кітап» шығарылды. Оның максаты сирек жэне жойылып бара жаткан түрлерді есепке алып, оларды кам- корлыкка алып, корыктар үйымдастыру. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге де бай. Олар көбіне Іле жэне Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жота- ларында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, маралоты, дәр- мене, жусан, қылша, шайкурай, жалбыз, бәйшешек, бақбақ, түй- медақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсак, тасжарған, алтай рау- ғашы, қызылжидек, сасыр және т.б. көптеген түрлері медицинада колданылады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==