Базалық мониторинг - жалпыбиосфералык, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жакын аралыктагы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиги күбылыстарды бақылау. Биосфера, іық мониторинг - биосферадағы өзгерістерді: атмо- сферанын шаңдануы, элемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, кұрылық пен мұхиттагы биологиялык өнімнің өзгеруі жэне т.б. галамдык деңгейде бакылау. Биоэкологиялық мониторинг - табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулыгына әсері тұргысынан бакылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзактығы жэне т.б. қолданылады. Геоэкологиялық мониторинг - табиғи экожүйелердегі өзге- рістерді бакылау. Географиялык стационарлык бакылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялык өнімділігі, өздігінен тазаруға кабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін кон- центрациясы көрсеткіштері колданылады. Дистанционды мониторинг - бүл авиациялык жэне космостык мониторингтің жиынтығы. Кейде бүл үғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аягы басуы киын жерлердегі приборлар аркылы алыстан акпараттарды беру эдістерін (радио, спутник) де жатқызады. Теңһдердің ластануы мониторингі - теңіздер мен мұхиттар- дағы судың сапасын білу мақсатында акпараттар алу үшін олардың жагдайын болжау, бағалау жэне бакылау жүйесі. Бүл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан корғау шараларын жүргізуге кажет. Қурылықтагы сулардың ластануы мониторингі - су ресурстарын үнемді пайдалану жэне оларды ластанудан, қүрғап кетуден корғау шараларын жүргізу үшін қүрылыктагы сулардың жағдайы туралы акпараттар алу максатында болжау, багалау және бакылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, pH, түсі, еріген оттегі, дэмі, ауыр металдар, мүнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер жэне ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады. Ластаушы коздер мониторингі - ластаушы көздер аркылы су объектілеріне, атмосфералык ауага, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін жэне ластану деңгейін болжау, багалау жэне бакылау жүйесі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==