Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

- табиғатты корғайтын заңдарды бұлжытпай орындау; - қоршаған ортаның сапасына бакылау жүргізетін мекемелер кызметін дұрыс ұйымдастыру; - топыракты ластаушы заттардың касиеттерін, жылжу тәртібін, топырак процестеріне қатысуын зерттеу; - зиянды заттардың шектеулі мөлшерлерін нормалау; - қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір түр- лерінің қолданылуын шектеу; - ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялык әдістердің орнына биологиялык әдістерді колдану жэне т.б. 5.6 Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX гасыр- дың 20-шы жылдарында коршаган ортаға байланысты колданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиязыц мониторинг - антропогендік фактор.іар әсерінен цоршаган орта жагдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақыіау, бага беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең үгымда экономикада, өнеркәсіпте, жэне баска да бакылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі Б¥¥- ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен коршаган ортаны корғау жөніндегі конференциядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын коршаган табиғи ортаны бакылау жүйелері ретінде карастырылады: 1) коршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау. 2) табиғи жэне антропогендік факторлардың әсерінен табигатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау. 3) коршаган орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару. Бакылайтын объектілердің ерекшелігіне, түріне жэне бакылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыра- тады. Мысалы: Жүргізу эдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар: - биологиялык (биоиндикаторлар көмегімен); - дистанционды (авиациялык жэне космостык); - аналитикалык (химиялык жэне физико-химиялык талдау).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==