Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Топырак үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - корғасын. Бір тонна корғасын балкыткан кезде қалдыктармен бірге қоршаған ортаға 25 кг корғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, қорғасын косылыстары бензиннің кұрамында кездеседі. Сондыктан автокөлік топыракты корғасынмен ластаудың көзі болып табылады. Әсіресе корғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелердің бойындагы топырак қүрамында көп болады. Қара жэне түсті металлургия орталыктарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминиймен жэне баска да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі. Радиоактивті элементтер топыраққа атомдык энергияны пай- далануға қатысы бар ғылыми-зерттеу үйымдары мен АЭС, атомдык жарылыстар немесе өнеркэсіп орындарының сұйық жэне қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін. Топырактың химиялық қүрамына - тыңайтқыштар мен зиян- кестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялык заттар колданылатын ауыл шаруашылыгы да эсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркэсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайткыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырактың қүнарлылығы алын- ған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік кұрамына бай- ланысты. Қазіргі кездегі топыракты ластаушыларьшың негізгі көздері мыналар: - пестицидтер; - минералдык тыңайткыштар; - өнеркэсіп жэне ауыл шаруашылыгы қалдықтары; - атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар; - мұнай және мүнай өнімдері. Топыракка антропогендік эсер ету оның деградацияға ұшы- рауына (эрозия, ластану, түздану және батпақтану, шөлдену) алып келеді. Сондыктан топырак ластануын болдырмау үшін мынадай шаратарды жүргізу керек:

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==