Экология және қоршаған орта проблемалары: оқу құралы / А.Т. Қуатбаев.

Қазакстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялык ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидрид мөл- шерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуына алып келеді. Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың баска түрлері жэне өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік эсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд, тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы жэне фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, корғасынның органикалық косылыстары, сондай-ак катерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мүхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа кұрамындағы шаңды коспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен калалар үстінен кара тұманды байкауга болады. Мұнда шаңды коспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі калаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал кыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандыктан жартысын жібермей үстап калады. 5.5 Топырак жабынын коргау және тиімді пайдалану Қолайсыз климаттык жагдайлар республиканың ауыл-шаруа- шылыгына эсер етуде. Өйткені Қазакстанның топырак-климат жағдайлары кұрғакшылығымен ерекшеленеді. Мол өнім алу үшін жер бөліктері көптеп жыртылуда. Тың көтеру жылдары басталғалы солтүстік облыстарда катты желден шаңдар көтеріліп, топырақ эрозиясы басталды. Нәтижесінде мындаган гектар жерлер жарам- сыз болып қалды. Минералды-органикалык тыңайткыш-тардың дер кезінде берілмеуінен топырактың қара шірігі азайып кұнар- сыздануда. Әсіресе Арал теңізінің төңірегі шөлейттеніп, түздануда. 2000 жылғы мәліметтер бойынша Арал теңізінің суы 70 гр/л түзданган. Теңіз акваториясы кеуіп казакстандык бөлігінде 2 млн гектар жер жарамсыз болып калган.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==