Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

нұсқаға сәйкес келеді. Бүдан басқа сызықсыз (2-0-4 немесе 0-0-6) және шеткі ойыншыларсыз (0-2-4 немесе 0-1-5) және болса түрлері қолданылады. Орналастыруды таңдау қарсыластың қорғанысы мен команданың мүмкіндігі жүйесіне байланысты болады. 185-сурет. Шабуылшылардың аймақтагы турыстык, келбеті Орналастыру нұсқаларына қарамастан түрыста шабуылдағы шабуылшылардың арасындағы негізгі тактикалық әдістердің өзара әрекеті ортақ болып қалады. Мынадай типтік өзара әрекеттің түрлері бар: - ығыстырушы шабуылы; - қайшылай қозғалу; - босаған аймаққа шыққан ойыншыға доп беру; - допты және допсыз ойыншыға қалқан қою. Ығыстырушы шабуыл - бұл добы бар ойыншының аймақта екі қорғаушының арасында шабуылды бейнелеп, сол арқылы оларды мүмкін лақтыру сызығына ысыратын шабуылшылардың өзара әрекеті. Соңынан әріптесіне доп беру барынша үлкен бос кеңістікте ойнауына мүмкіндік береді. Қайшылап қозғалудың маңызы да осындай, яғни добы ойын- шыға екі қорғаушының назарын аударады. Бұл үшін допты алғаны көршілес қорғаушының аймағына ауысады. Әріптесі оның арқа- сынан босаған орынға үмтылады. Оған допты жасырын беру босаған аралықта шабуыл жасауға көмектеседі. Босаған аймаққа шыққан ойыншыға доп беру - түрыстық шабуылдың міндетті элементі. Оның мәні қорғаушысы еркін лақ- тыру сызығына шығып кетуі нәтижесінде ашық қалған алты метрлік 296

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==