- қарсыласпен тез ойында куші ген, гугі <■. - қайта қалпына келу үшін үзіліс жііспіі, оііі.ін ыріпіһін пінрі\ қажет; - ойыншыларды алмастыру қажет. Тұрыстык шабуыл үш ойын кезеңінен түрады: ьпг піііһі.і, дайындық және аяқтаушы. Бірінші кезеңде ойыншыларды жосшір лап орналастыру жүзеге асырылады, екіншісінде — қақпашы алацыіш түйісетін аймақтардың бірінде жекпе-жекке түсу үшін қолайлы жағдай тудыратын немесе қысқа уақытқа саны жағынан артуы үшін ойыншылар мен допты ауыстыру жүргізіледі; үшінші кезеңде қақ- паны алу үшін қолайлы жағдай жасап, шабуылды жалғастырып немесе шабуылдан қорғанысқа өту үшін күшін жинақтайды. Тұрыстық шабуылды жүргізу үшін команданы екі тактикалық топқа бөледі. Бір топты немесе алдыңғы сызықты соңғы екі және сызықтық (1-2) ойыншы қүрайды, олар алты метрлік сызық бойымен қозғалады. Екінші сызықта ойынпаз және орташа ойыншылар орналасады. Бірінші сызық ойыншылары алдында біршама күрделі міндет қойылады: қарсылас шебінің ішінде әрекет ету. Сондықтан сызық- тағы және шеткі ойыншылар соңынан қорғаушыны айналдырып, алдап өтіп, лақтыруға қолайлы қалыпты тудыратындай етіп, допты алу үшін орынды дұрыс таңдай алуы қажет. Бүл ойыншылар өз сызығының барлық түрысынан ойнай білуімен қатар, өз әріптес- терімен өзара байланыста болып, кезеңімен олармен орын ауыс- тырып тұруы керек. Екінші топ ойыншылары алдарқатып және шабуылды аяқтау қызметін орындайды. Сондықтан олар тамаша дене дайындығы бар және жоғарғы тәсілдік шеберлік пен үлкен тактикалық білімі бар, сол сияқты ойын жағдайын дүрыс бағалай білу қабілеті бар озық спортшылар болуы тиіс. Бірінші сызықтағыдай, екінші сызықта да оң жақтан сол қолмен лақтыратын, ал сол жақтан - оң қолмен лақтыратын ойыншылар ойнайды, ол қарсылас қақпасын ұтымды атқылауға мүмкіндік береді. Тұрыстық шабуылдың түрлі нүсқаларында сызықтағы ойыншылар ауысып түрады. 3-3 немесе 2-1-3 және 4-2 немесе 2-2-2 етіп қою кең тараған, ол бір және екі сызықтағы ойыншылары бар 295
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==