қағып алғанда немесе ұстап алғанда, шабуылшы ережені бүзып, доп қақпашыға өткенде немесе қақпадан шығып кеткен допты алып қойғанда қолданады. Тез жүлқынып шығу - шапшаң үмтылыспен ерекшеленеді, шабуыл уақыты 4-7 с-қа созылады, онда аз ойыншы жүзеге асы- ратын, барынша қарапайым, өзара әрекет қолданылады. Уақыт пен кеңістікті үту қақпаға жақын жерден сандық сал- мағын арттыруға мүмкіндік береді. Бүл үшін шабуылшылардың барлық әрекеттері тез, шешімді және өте үйлескен болуы тиіс. Әсіресе жүлқынып шығуға өту мен тез әрі дәл бірінші доп беру үшін қолайлы сәтті дүрыс таңдау маңызды. Жүлқынып шығуды команданың барлық ойыншысы да, жеке ойыншысы да орындай алады. Жұлқынып шығуда ойыншы саны көп болған сайын, оған қарсы түру да қиын соғады. Қақпаға жетіп шабуылшылар алаңның бүкіл еніне мүмкіндігінше екі сызыққа орналасады. 1-3 ойншы бірінші жетіп, арттан келу- шілерге қолдау көрсетеді. Бір ойыншы доптан айырылып қалу мен қарсы шабуылға дайындалып, артта қалады. Егер бірінші сызықтағы ойыншылар сандық ұтысты көрсете алмаса онда шабуылды нәти- желі аяқтау қорғаушылар арасындағы ашық алаңға еркін қалуға үмтылатын екінші сызықтағы ойыншылар үлесіне тиеді. Екінші сызық ойыншыларының шабуылды аяқтауымен жүлқынып шығуды бұлай тізбектей дамыту лездік шабуыл деп аталады. Алыстан доп беріп тез жүлқынып шыгу - шабуылдың қара- пайым әрі барынша тиімді әдісі. Бүндай доп беруді әдетте допты үстаған ойыншы немесе қақпашы орындайды. Бірінші жүлқынып шыққан шабуылшы қаптал сызығымен, орталығымен немесе диагональ бойымен жүлқынып шығады. Табысты болуы үшін бүл жүлқу алға озушы болуы керек. Әдетте бұны алға озған қорғаушы немесе лақтыру орнына қарсы тұрған ойыншы жүзеге асырады. Аңдушылардан бөлініп шыққан ойыншы допты тез әрі дәл беруі керек. доп орта биіктік жолымен үшқан дүрыс. Алайда доп беру созылған ұзақ болмауы керек, әйтпесе қарсылас қақпашысы оны ұстап алады. Егер қақпашыға допты топ жаруға тез беру мүмкін- дігі болмаса, онда ол допты тоқтаусыз жақын түрған әріптесіне беруі тиіс, ол допты алдағы топ жарған ойыншыға бағыттайды. 292
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==