Спорттық ойындар: оқулық / Қ. С. Сихымбаев, А. А. Килибаев.

көмектеседі. Құлаудың соңында аяқтарды түгелдей тіктейді, қақпашы оған отырып, сосын шапшаң түрыс қалпына оралады. Шеткі тұрыстан қашық төменгі бүрышка лақтыруда қақпашы допты қүлай қағып алады, сонымен бір мезетте жеті метрлік белгі жағына қарай қол және аяқпен қозғалады. Допты беру. Қақпашының допты тез әрі дәл лақтыруы - команданың қорғанудан шабуылға үтымды ауысуының маңызды шарты болып табылады. Бұл үшін бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру пайдаланылады (әдетте биіктік жолымен және алыс қашықтыққа). Қақпашы допты қағып алған соң, оны берудің бастапқы қалпына тез келтіріп, доппен лақтыруға қолайлы бағыт таңдап, алға қадам жасайды. Орынды дүрыс таңдау қақпашының дүрыс әрекеті болып табылады. Оның негізгі түрысы - қақпа орталығы мен алдыңғы сызықтар. Қақпа алдында доға бойымен қозғала отырып, қақпашы доп пен қақпа тұсындағы бүрыш ортасындағы сызықта болуы тиіс. Осы жерден ол доптың қақпаға түсу мүмкіндігінің бұрышын бөгеу үшін қажетті алға шығуға дайындалады. 30°-тан темен бүрыштан лақтырғанда, ол қапталдық тұрыстан орын алады. Егер қақпашы мен лақтырушы арасында қалқан қоюшы орналасса, онда қақпашы ашық жаққа ауысады, ал лақтырушы қол мен лақтыру бағытын алаң ойыншысы түгелдей өз мойнына алады. Қақпашы үнемі допты қадағалауы керек, жалған қимылдарға ермей, тепе-теңдігін жоғалтпай және өз қалпын лақтыруға дайындық сәтінде өзгертпеуі тиіс. Егер оның командасы шабуылға шықса, онда қақпашы алты немесе тоғыз метрлік сызыққа орналасып, кенеттен допты жоғалтып алған жағдайға немесе қарсыласының тез жұлқына доп тастау әрекетіне дайындалып тұрады, бүл сәтте ол допты үстап қалады. Сәтсіз әрекетте ол артқа кетіп, қақпада қалады, ойыншы пайдасына лақтыруға көмектеседі. 290

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==